Mining and Metals Central Asia көрмесінде тағы да үздік атандық
17-19 қыркүйекте Nord Minerals компаниясының Қазақстанның Алматы қаласында өткен Mining and Metals Central Asia көрмесіне қатысты. Ширек ғасыр бойы атқарған жұмысының барысында бұл көрме Қазақстанның тау-кен-металлургия кешенінің алдында тұрған тапсырмаларды шешуге арналған тиімді диалог алаңы екенін дәлелдеді.
Биыл көрмеге 40-тан астам компаниядан 5 710 бірегей келішулер келді. Nord Minerals командасы өз тарапынан клиенттермен барлық жоспарланған және жоспардан тыс келіссөздерді өткізді, серіктестермен және жеткізушілермен кездесті.
Компанияның стенді дәстүрлі түрде назардан тыс қалған жоқ және көше экспозициясында үздік болып мойындалды. Сондай-ақ стендте ұсынылған және Nord Minerals компаниясы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылатын ROITECH серіктес-компаниясының сорғысын атап өтпеуге болмайды. Сорғы жабдығына қосымша ретінде Nord Minerals компаниясының мамандары келушілерге Element Mining and Construction Oy серіктес-компаниясының қосалқы және тозғыш бөлшектері туралы консультациялар берді, бұл компанияның өнімдері де стендте көрсетілді.