Nord Minerals компаниясы Қазақстандағы ірі өңдеу кәсіпорындарының бірі үшін қалқымалы сорғы станциясының жеткізушісі ретінде тағы да таңдалды
Жеткізуші осы компанияны күрт континентальды климат жағдайында (қыс мезгілінде -45 градустан +45 градусқа дейін) жұмыс жасайтын және бір жылда 4,2 млн тонна алтын мен мыс кенін шығаратын заманауи байыту фабрикасын айналымдық сумен қамту үшін таңдады.
Байқауды өткізу барысында Nord Minerals компаниясының техникалық мамандары осы саладағы ең талғампаз тапсырыс берушілердің бірінің талаптарын толық қанағаттандыратын жан-жақты техникалық шешімді ұсыну арқылы өздерінің жоғары біліктілігін көрсетті.
Nord Minerals компаниясының осыған дейін жүзеге асырылған қалқымалы сорғы станцияларын жеткізу жобаларындағыдай, біз Schneider Electric жабдығының негізінде параметрлерді бақылау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру және электрмен қамту бойынша ең үздік атқарымдарды пайдаландық, понтондардың саңылаусыздығын бақылау қадағаларын және сенімділікті арттыру үшін екі бөлігі бар понтондарды, айдау құбыржолдарын толтыратын вакуумдық жүйені, күзет дабылдамасының жүйесін және қолжетімдіктерді басқару жүйесін, өрт дабылдамасын пайдаландық.
Жобада бірнеше жақсартылған техникалық шешімдер қолданылды:
- Екі жақты кірісі бар жұмыс доңғалағы бар, өндіргіштігі сағатына 300 текше метрді құрайтын және 75 кВт электр қозғалтқыштары бар төрт ROITECH көлденең сорғысы қолданылды. Понтонның корпусының құрамында айдау желісінің ықшам түйіні әзірленді, бұл понтондық негіздеменің габариттерінде сорғыш желінің ықшам өлшемдерін қамтамасыз етті.
- Барботаж жүйесі алғаш рет қолданылды. Бұл жүйе бұрғылап тесілген құбырлардың периметрінің бойымен орналасқан сорғы бөлмесінің айналасындағы мұзойыққа жылы температуралы суды ағызу қағидасына негізделді. Мұндай шешім энергиялық тиімді болып табылады және мұзқатыртпайтын агигаторлармен бірлесіп, жақсы пайдаланылады.
- Кабельдік өнімді ауыспалы көпіршіктің бойымен өткізу алмалы-салмалы төсеніштің астында орындалды, бұл кабельдік құрылымдар мен тіреуіштерді сатып алу қажеттілігіне жол бермейді, ауырлық орталығын төмен түсіреді, ал бұл понтондық негіздемеге түсетін жүктемені төмендетіп, металл сыйымдығы мен құнын азайтады, сонымен қатар одан әрі пайдалану ыңғайлығы мен қауіпсіздігін арттырады.
- Инжиниринг көбікполиуретаннан жасалған жұқалтырлы жылу оқшаулауымен жиынтықтасып, арынды құбыржолдарын электрмен жылыту жүйесін және айдау құбыржолдарының гильзаларын қолданды.
Nord Minerals компаниясы осы клиентпен 5 жылдан артық ынтымақтасуда, осыған дейін өзара әрекеттесудің негізгі бағыттары ретінде Metso жабдығы үшін ELEMENT қосалқы бөлшектері мен сорғы жабдығын жеткізу болды.
Nord Minerals компаниясын қалқымалы сорғы станциясын жеткізуші ретінде таңдау сенімді серіктестік қатынастарын дамытудың растамасы болып табылады және біздің компаниямызды осы саладағы құзыреттілігі мен сараптамалығы жоғары компания екенін мойындау болып табылады.